Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та балағат сөздер айтып, қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзған азамат анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тексеру барысында құқық бұзушының Қызылорда облысының тумасы, 23 жастағы Нұрболсын Жақсылық екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Полиция азаматтарға әлеуметтік желілерде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Қоғамдық әдеп нормаларын бұзу және балағат сөздер қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.