Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды

404

Алматыда әлеуметтік желіге контент түсіру үшін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіге контент түсірмек болған алматылық бұзақы жүргізушілер жазаланды Фото: ҚР ІІМ

Әңгіме агрессивті көлік жүргізу, жылдамдықты асыру, қауіпті маневрлер жасау, дрифт және "шашка" тәсілімен жүру фактілері туралы болып отыр.

Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылар өз әрекеттерін әлеуметтік желілерде өздері жариялайтын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл олардың жеке басын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бес автобұзақы анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық Полиция департаменті интернет кеңістігіне мониторинг тұрақты жүргізілетінін және қауіпті көлік жүргізудің әрбір дерегіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Полиция қала көшелері автожарыс өткізуге немесе экстремалды контент түсіруге арналмағанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу