Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілер терроризмге қарсы күрес бойынша ғаламдық интернет - форум құру туралы хабарлады, деп жазады kazislam.kz.
Ортақ алаң Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube әлеуметтік желілерін біріктіреді. Мақсат – террористер туралы ортақ деректер базасын құру, сондай-ақ, қауіпті контенттерді анықтау бойынша жаңа әдістерді әзірлеу және енгізу. Әсіресе, терроризмді насихаттайтын кез келген материалдарды іздеу және жою бойынша жұмыстар күшейтіледі. Бұл бағытта әлеуметтік желі басшылары өзара байланысты арттырады, сонымен қатар, халықаралық террористік ұйым туралы маңызды мәліметтермен алмасып, терроризмге қарсы күрес саласы сарапшыларымен бірлесіп жұмыс жасайды.
Әлемдік ірі әлеуметтік желілердің бұл шешіміне БҰҰ тарапы да қолдау көрсетті. БҰҰ контртеррористік комитетінің атқарушы директоры Жан-Поль Лаборд терроризм ғаламдық қауіп болғандықтан, оған қарсы күш біріктіріп күрес жүргізу қажеттігін, ал осы салада БҰҰ бірлесіп жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін хабарлады.