Әлеуметтік желілерге мониторинг: балалардың санасын улайтын 6 мыңға жуық материал анықталды

502

Елімізде осы жылы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында балалардың санасын улайтын 6 мыңға жуық материал анықталды.  

Әлеуметтік желілерге мониторинг: балалардың санасын улайтын 6 мыңға жуық материал анықталды Фото: google

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Искаков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біздің министрлік ақпараттық қолдау жүргізетін уәкілетті орган болғандықтан, әлеуметтік желілерге мониторинг бойынша жұмыс атқарылды. Мысалы, жастардың санасын улайтын, есірткі, психотроптық заттарды немесе суицидті насихаттайтын, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты контентті бұғаттау және оны шектеу бойынша жұмыс жүргізілді. Тек қана осы жылдың ішінде 6 мыңға жуық материал анықталды. Оның көбісі бұғатталды немесе шектелді", - деді спикер.

Оның сөзінше бұл жұмыс келесі жылы да өз жалғасын табады.

"Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер көбейді. Оның салдары өкінішті жайттарға әкелуі мүмкін. Қазіргі таңда осы мәселені қолға алып, заң аясында ірі платформалармен (Facebook, YouTube, TikTok, Instagram) байланыс орнатылды. Осындай іс-әрекеттер анықталған жағдайда әлеуметтік желідегі парақшаны немесе қолданушыны бұғаттауға немесе шектеуге толық мүмкіндік бар. Бұл үлкен жетістік", - деп түйіндеді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу