Алғашқы криптовалюталық терминал пайда болды

978

Алғашқы криптовалюталық терминал пайда болды

Литваның Вильнюс қаласындағы дәмханалардың бірінде ақыны криптовалютамен төлеуге мүмкіндік жасалды, деп хабарлайды naryk.kz.

Бұдан былай Вильнюс қонақтары криптовалютамен төлем жасай алады. Терминал криптовалютаның барлық түрін (bitcoin, eth, dash, xem, steem, golos) қабылдай береді. Бұл CopPay төлем жүйесі арқылы мүмкін болып отыр. 

Тұтынушы қызмет пен тағам ақысын криптовалютамен төлегенімен, дәмхана оны кәдімгі ақша түрінде қабылдайды. Төлем дәмхананың шотына аударылады.

"Біздің мақсатымыз барлық төлемді криптовалютамен жасауға мүмкіндік беретін әлем құру", - дейді жоба тобы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу