Әлі де 1,5 мың төсек-орын керек болады – Бердібек Сапарбаев

904

Жамбыл облысында 896 адам пневмониямен ауырып жатыр.

Әлі де 1,5 мың төсек-орын керек болады – Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндап, брифинг өткізді.

"Өңірде әлі де болса бетперде тақпай жүру, той-томалақ өткізу тыйылмай тұр. Соның салдарынан кеше ғана 77 науқас тіркелді. Жалпы өңірдегі науқастарды талдайтын болсақ,  305-і зейнеткерлер, 475-і жұмыссыздар, 68-і жүкті әйелдер, 100-ге жуығы балалар.  Қазіргі таңда жалпы емделіп шыққан азаматтар саны – 598. Үш адам қайтыс болды. Оның біреуі Павлодар өңірінің тұрғыны болатын. Біздің өңірде ем алып, қайтыс болды. Қазір білесіздер, екіжақты өкпе ауруы да көбейіп кетті. Қазіргі таңда 896 адам емделіп жатыр. Соның ішінде 732 науқас белгіленген ауруханаларда ем алуда", – деген облыс әкімі ауруханаларда тқсек жеткілікті екенін, соған қарамастан кейбір ғимараттарды алдын ала босатып, жөндеу жүргізіп жатқандарын атады.

"Жалпы науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін біз 1855 төсек қорын жасақтадық. 665 орын инфекциялық төсектің 75 пайызы, 906 провизорлық орынның 46 пайызы, 250 карантиндік  төсектің 5 пайызы пайдаланылуда. Яғни қазіргі таңда дайындалған төсек қорының 800-ден астамы бос тұр. Қосымша науқастар болса, ешқандай шектеусіз қабылдаймыз. Әрбір науқастың жағдайы дәрігерлердің  бақылауында. Қазіргі таңда 66 науқастың жағдайы ауыр. 300-ден астамының жағдайы орташа ауыр деңгейде. Қазіргі таңда облыста 20 компьютерлік томаграфия  жұмыс істейді. Әрине, біздің облыс үшін өте аз. Біз қазір денсаулық сақтау мнистрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Барлық аудан орталықтарында компьютерлік томография орналастыру керек. Біздің болжамымыз бойынша  әлі де 1-1,5 мың төсек орны керек болады. Біз қазір кейбір санаторий мен балалар үйін, диагностикалық орталықты, Т.Рысқұлов ауданындағы туберкулез ауруханасын босаттық. Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тамыз айында олар толығымен іске қосылатын болады", – деді аймақ басшысы.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу