Әлібек Қуандықов Президент тапсырмалары қалай жүзезе асатынын түсіндірді

1139

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары қалай жүзеге асатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әлібек Қуандықов Президент тапсырмалары қалай жүзезе асатынын түсіндірді

Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау бойынша нақты тәсілдер мен шаралар пысықталып жатқанын атап өтті.

"Халықтың табысын арттыру бағдарламасына тоқталайын. Бағдарламаны қалыптастыру үшін мемлекеттік органдармен, инфляцияны тежеу, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, азаматтардың жекелеген санаттарына жалақыны арттыру шараларын және басқада шараларды қамтитын мәселелер ұсынылады", – деді министр.

Әлібек Қуандықов бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету мәселесіне көңіл бөлінетінін атап өтті.

"Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша заңды іске асыру шеңберінде мемлекеттік реттеудің бүкіл массивін толық қайта қарау жүргізіледі", – деді ведомство басшысы.

Министр бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға ауқымды жұмыс жүргізілетінін айтты.

"Біріншіден, тау-кен секторынан қосымша түсімдерді алу, баға конъектурасына байланыстыра отырып, барлық қатты пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық қосымша мөлшерін есептеу тетігін белгілеу ұсынады. Екіншіден мұнай өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер тізбегінен маржаның бір бөлігін алу", – деді Әлібек Қуандықов.

Оның айтуынша, елдің инвестициялық тартымдылықты қалпына келтіру бойынша министрлік биыл ақпанда 2025 жылға дейінгі инвестициялық саясатты тұжырымдамасын қабылдауды жоспарлап отыр. 

"Оның шеңберінде инвестицияны тарту саясаты жаһандық, энергетикалық және технологиялық көшу талаптарын ескере отырып, қайта қаралады", – деді министр.

Ол бюджет аралық қатынастарды одан әрі реформалау бойынша министрлік төмендегі ұсыныстарды пысықтап жатқанын атап өтті.

"Біріншіден, корпоративті табыс салығы түсімдерін беру тетігіне сәйкес  2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейде беру жоспарланып отыр. Екіншіден, орталық пен өңір арасында қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылады. Ұсынылған шараларды жүзеге асыру үшін бюджет заңнамасын түзетулер пакеті дайындалады. Қазіргі таңда аталған тәсілдер орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен пысықталуда", – деді Әлібек Қуандықов.

Сөз соңында министр Мемлекет басшысының басқа тапсырмалары мұқият пысықталып, жақын уақытта қосымша ұсынылатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу