banner

Әлібек Қуантыров Мажарстанда оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті

441

Министр Мажарстанға жұмыс сапары барысында бірқатар кездесу өткізді.  

Әлібек Қуантыров Мажарстанда оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті Фото: gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мажарстанның жетекші университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті, деп жазады inbusiness.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында ведомство басшысы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың отандық, венгриялық компанияларда өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығы туралы сөз қозғалды.

Бұдан бөлек министр "Globalia Kft" компаниясының бас атқарушы директоры Габор Шагимен кездесу өткізді.

“Тараптар жасыл энергетиканы дамыту бойынша жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, шетелдік компания Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында күн және жел электр станцияларының құрылысын жүзеге асырып жатыр. Кәсіпорын Атырау облысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны іске асыруды пысықтауда”, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу