Әлиев пен Пашинян Брюссельде кездесуі мүмкін

455

Кишиневтегі еуропалық саяси қоғамдастықтың кезекті отырысы аясында Әзербайжан мен Армения басшылары қатысуымен кездесу өткізу ұсынылды. 

Әлиев пен Пашинян Брюссельде кездесуі мүмкін Фото: www.aa.com.tr

Әзербайжан тарапы Республика президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никола Пашинянның мамыр айында Брюссельде өтетін кездесуіне келісім берді. Бұл туралы Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айхан Гаджизаде журналистерге айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда Кишиневте еуропалық саяси қоғамдастық отырысы аясында өткен кездесуге қатысты әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

"Өткен жылы Брюссельде ЕО Кеңесінің Президенті Чарльз Мишельдің бастамасымен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян арасында бірнеше кездесулер өткізілгені белгілі. Желтоқсан айында Брюссельдегі сол форматтағы кездесуге қатысудан бас тартқан біз емес, армян тарапы болды", - деді Гаджизаде.

СІМ өкілі Брюссельде былтыр желтоқсанында кездесу өткізу жоспарланғанын атап өтті, бірақ сол күйі екі басшы жүздескен жоқ, себебі армян тарапының бас тартқан болатын.

Оның айтуынша, Әзербайжан тарапы мамыр айында Еуро кеңесі басшысы Чарльз Мишельдің қатысуымен Брюссельде өтетін кездесуге келісім берген.

"Сонымен қатар, Кишиневтегі еуропалық саяси қоғамдастықтың кезекті отырысы аясында Әзербайжан мен Армения басшыларының арасында Франция Президенті мен Германия Канцлерінің қатысуымен кездесу өткізу ұсынылды. Әзербайжан тарапы өз кезегінде біздің елдің Кишиневтегі бейресми кездесуге қатысуы Брюссель форматы ауыстырылмаған және оның форматы өзгертілмеген жағдайда ғана мүмкін екенін айтты", - деді ол.

Сонымен бірге, Гаджизаде Баку Кишиневтегі кездесуге қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу