Әлиев пен Пашинян шекараны делимитациялау бойынша комиссия құруға уағдаласты

747

Қос елдің Сыртқы істер министрлері екі ел арасындағы бейбіт келіссөздерге дайындықты бастады.

Әлиев пен Пашинян шекараны делимитациялау бойынша комиссия құруға уағдаласты

Брюссельде Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянның, Еуропалық Кеңестің төрағасы Шарль Мишельдің және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Никол Пашинян Әзербайжан бөлімшелерінің әрекеті салдарынан туындаған Арцахтағы жағдай және гуманитарлық проблемалар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараны делимитациялау жөніндегі екіжақты комиссияның уағдаластығын сәуір айының соңына дейін құру туралы құжатқа қол қойды. Бұл келісім шекара бойындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерімен айналысуға мүмкіндік береді.

Армения Премьер-Министрі мен Әзербайжан Президенті Сыртқы істер министрлеріне екі ел арасындағы бейбіт келіссөздерге дайындықты бастауды тапсырды.

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 2020 жылдың қыркүйек айының соңында басталған еді. 10 қарашада Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары үшжақты мәлімдемеге қол қойғаннан кейін, атыс толығымен тоқтатылды. Алайда әлі күнге дейін Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыстар болып тұрады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: kaspiy.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу