Премьер-Министр республиканың барлық азаматын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
"Осы күн мемлекетіміздің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, Мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатымызға дауыс беруіміз керек. Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім", — деді Әлихан Смайылов өз таңдауын жасағаннан кейін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу