Алимент бойынша берешегі бар 7 мыңға жуық адамға елден шығуға шектеу қойылды

659

Сот актілерін орындамаған 1 094 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алимент бойынша берешегі бар 7 мыңға жуық адамға елден шығуға шектеу қойылды Фото: yandex.kz

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының сөзінше, алимент өндіріп алу бір реттік атқарушылық іс жүргізу емес. Бұл бала кәмелетке жасына жеткенге дейін бірнеше жылға созылады.

"Талдау көрсеткендей, алимент төлемеудің негізгі себептеріне борышкерлердің ресми жұмыс орнының, кірісі және өндіріп алуға болатын мүліктерінің болмауы жатады. Кейбір борышкерлер нақты материалдық мүмкіндіктерге ие бола, өз мүлкін жасырып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Биылғы 5 айда алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 1 094 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Бұдан бөлек 6 969 адамға алимент бойынша берешектің болуына байланысты елден шығуға уақытша шектеу қойылды", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу