Алимент төлемеген 43 маңғыстаулық сотталды

231

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 86 адамға қатысты 71 қылмыстық іс аяқталды. 

Алимент төлемеген 43 маңғыстаулық сотталды Фото: For business - bubltown

Істердің басым бөлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қаралды, яғни балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Осы бап бойынша 43 адам сотталды. 2022 жылы 29 борышкер бас бостандығынан айрылған еді.

Жалпы, 2023 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта сотталғандар саны 81 адамды құрады. 2022 жылы 51 адам болған.

"Сотталған 81 адамның 31 -і ауыр қылмыс, ауырлығы орташа - 10, ауырлығы төмен - 40. Сонымен қатар, өткен жылы ұрлық жасағаны үшін 20 адам сотталды. 2022 жылы олардың саны екі есе аз болған", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.                                                    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу