Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын "А" есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
05.07.2024 жылғы соттың үкімімен "А" есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        