Алимент төлеуді сотқа жеткізбей шешудің қандай жолдары бар

672

Елімізде алимент төлеушілер қатары салыстырмалы түрде азайып келеді.

Алимент төлеуді сотқа жеткізбей шешудің қандай жолдары бар

Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүргендердің өзі бірнеше санатқа бөлінеді екен. Толығырақ Әділет министрлігінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алимент төлеуден жалтарып жүргендер "проблемалы алименттер" санатына жатқызылады. Олар іздеудегі азаматтар, алимент бойынша үш айдан астам берешегі барлар және қасақана төлемей жүргендер. Қазіргі таңда "проблемалы алименттер" қатарында 15 мыңнан астам төлеуші бар. 2021 жылы олардың саны 16 712 болған, ал былтыр жалтарғандар 15 672 адам. Салыстырмалы түрде көрсеткіш азайып келеді", - деген жауап берілді ресми сауалға.

Министрлік дерегіне сүйенсек, 2021 жылы 232 766 бала және кәмелет жасына толмаған жасөспірімге алимент төленді. Былтыр олардың саны 257 377 жетті.

Елімізде алимент төлеушілердің 98% - ерлер, қалған 2% - әйелдер.

Сол сияқты алимент төлеушілердің азаюы немесе көбеюі ажырасу туралы статистикамен тікелей байланысты.

"Ажырасуды болдырмау және азайту мақсатында алдымен ерлі-зайыптыға медиация тәртібімен татуласу жолы ұсынылады. Қандай жағдай болмасын ата-ана кәмелет жасына толмаған балаларын бағып, жетілдіруге міндетті. Ерлі-зайыпты ажырасқан жағдайда баланың кімде қалатынын өзара шешеді. Сонымен қатар ата-ана алимент төлеу мәселесін соттан тыс екіжақты келісім арқылы шеше алады. Атап айтқанда, "Неке және отбасы туралы" кодексінің 158-бабына сәйкес, алимент төлеуді нотариус арқылы келісімге келуге және медиатордың көмегіне жүгіну арқылы оң шешімін табу мүмкіндіктері бар", - дейді министрліктен.

Одан бөлек, алимент төлеу міндетін адвокат және заң консультанты қызметін пайдаланып партисипативті рәсім арқылы реттеуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу