"Дара" Президенттік бастамалар қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Әлия Адамбаева қор президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлия Адамбаеваның медиа, үкімет және қаржы салаларында 25 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Осы жылдар ішінде ол басшылық қызметтерді атқарды, соның ішінде "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және Басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі баспасөз қызметінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры, "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болды.
Бұған дейін ол Қазақстанның жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси БАҚ-тарында басшылық және редакциялық қызметтер атқарды.