Әлия Назарбаева экологиялық қауымдастықтың басшысы қызметінен кетті

1142

Бұл ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Әлия Назарбаева экологиялық қауымдастықтың басшысы қызметінен кетті

Әлия Назарбаев экологиялық қауымдастық төралқасының төрағасы қызметінен өз еркімен кетті. 

"Ол өз еркімен өкілеттігін тоқтатты. Биыл 4 ақпаннан бастап Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды", – деді Илья Сухоносенко.

Сондай-ақ ол қауымдастықта енді төралқа төрағасы қызметі болмайтынын атап өтті.

"Біз бұл қызметті қысқарттық. Енді бұл орын болмайды", – деді атқарушы директоры.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева – Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу