Әлия Назарбаева "ӨКМ операторы" компаниясына қатысы бар ма? – министр жауабы

234

"ӨКМ операторы" мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істеп жатыр.

Әлия Назарбаева "ӨКМ операторы" компаниясына қатысы бар ма? – министр жауабы Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер "Әлия Назарбаева "Instant Payments" және "ӨКМ операторы" компанияларына қатысы бар ма?" деп сұрады.

"Бүгінгі таңда "ӨКМ операторы" 100 пайыз мемлекеттік кәсіпорын. Осыған дейін жеке меншікте болды. Бәлкім, оның (ред. – Әлия Назарбаева) иелігіндегі кәсіпорын болды, нақты білмеймін. "ӨКМ операторы" мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істеп жатыр. Қоқыс таситын және қоқыс өңдейтін бірде-бір компанияның Әлия Назарбаеваға қатысы жоқ екенін ресми түрде жариялаймын", - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. 

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, қазіргі таңда "Қазақстан темір жолы" компаниясымен жұмыс істеген Instant Payments құрылтайшылар тізімінде Әлия Назарбаева жоқ екенін хабарлады. Осыған дейін Instant Payments компаниясы ҚТЖ-ға билеттерді онлайн сатылымы қызметін көрсетумен айналысты.

"Сіз айтқан тұлға бұл компанияның құрылтайшысы емес. Құрылтайшылар тізімінде басқа адамдар бар", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін ҚТЖ басшысы Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу