Әлия Юсупова атындағы турнирге 8 мемлекеттің мықтылары қатысады

1402

Көркем гимнастикадан халықаралық турнир 6 маусым күні Шымкентте өтеді.

Әлия Юсупова атындағы турнирге 8 мемлекеттің мықтылары қатысады Фото: olympic.kz

6 маусым күні шымқалада Әлия Юсупова атындағы халықаралық турнир басталады. Сегіз мемлекеттен жүзге жуық спортшының басын қосатын додаға Олимпиада және әлем чемпиондары қонақ болмақшы, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Атап айтар болсақ, Шымкент төрінде Әзірбайжан, Беларусь, Израиль, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Қазақстан гимнастары Юсупованың жүлдесі үшін таласпақ. 

"Гимнастар төрт жас категориясы бойынша сынға түседі. Ересектер арасында 17 спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Роза Абитова мен Даяна Әбдірбекова өз өнерлерін паш етеді. Ал турнирге төрелік етуге халықаралық деңгейдегі қазылар шақырылып отыр. Нақтылай түсер болсам, әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында төрелік еткен Женя Морговски, Анастасия Просолова, Наталья Рентель сынды  мамандар спортшылардың аяқ алысын бақылайды",– дейді Шымкент қалалық көркем гимнастика федерациясының президенті Муслим Шаназаров.

Әлия Юсупова – көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы. 2004 жылғы Афины Олимпиадасында 4-ші, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында 5-орын иеленген. Бүгінде көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу