Алкоголь өнімдерінің 40 пайыздайы заңсыз жолмен әкелінеді

736

Қазақстандықтар алкоголь өнімдерін тұтынуды азайтты. Ресми мәліметтерге қарағанда, биылғы алты айда оның сатылымы бірден 22%-ға қысқарды.

Алкоголь өнімдерінің  40 пайыздайы заңсыз жолмен әкелінеді

Алкоголь өнімдеріне сұраныс азайғаннан кейін өндіріс те кеміген. Есесіне, ұлттық сусындар өндірісі айтарлықтай артқан деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстанда алкоголь өнімдерінің сатылымы 22%-ға азайды. Ал өндірісі 23%-ға кеміді.

Жалпы салық түсімдеріндегі акциздердің үлесі жыл ішінде 0,2%-ға төмендеген. Оның ішінде алкоголь өнімдеріне алынатын акциз 7%-ға кеміді.

"Алкоголь айналымының азаюына сұраныстың төмендеуімен қатар көлеңкелі бизнестің белең алуы себеп болуы мүмкін", – дейді сарапшылар.

Өйткені статистка комитетінің есебі бойынша 2017 жылы қазақстандықтар 32,8 миллион литр ішімдік ішкен. Енді дәл осы комиттетің есебінше, сол жылы дүкен сөрелерінен 58 миллион литр ащы су сатылған. Яғни алдыңғы есептен 43%-ке көп.

Мәліметтерге қарағанда, Қазақстан нарығындағы ішімдік өнімдерінің 20-40%-і заңсыз жолмен әкелінеді.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу