Алкогольді көп тұтынатын елдер тізімі шықты

Бұл туралы The Drinks Business басылымы жазады.

Алкогольді көп тұтынатын елдер тізімі шықты Фото: ЖИ

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында әлемнің 20-дан астам ірі нарығында алкоголь өнімдерін тұтынудың жалпы көлемі 1 пайыз төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

IWSR зерттеу компаниясы алкоголь өнімдерін тұтыну АҚШ пен Қытайда едәуір азайғанын, керісінше Үндістан, Бразилия және Колумбия сияқты елдерде артқанын айтады. 

Сарапшылардың пікірінше, алкоголь тұтыну көлемінің төмендеуіне ішімдікті шектеу үрдісінің кең таралуы мен семіздікті емдеуге арналған GLP-1 тобы препараттарын қолданудың артуы әсер етті. 

Десе де, сарапшылар аталған факторлар екі ірі нарықта тұтыну көлемінің айтарлықтай төмендеуін толық түсіндіре алмайтынын жасырмады. 

Мысалы, Қытайда бұл жағдайға экономикалық өсімнің баяулауы, жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс пен халықтың қартаюы әсер еткен.

Ал АҚШ-та импорттық баж салығы, инфляция мен экономикалық тұрақсыздық тұтынушыларға салмақ салып отыр.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында АҚШ-та алкоголь өнімдерін тұтыну көлемі 4 пайыз, ал Қытайда 3 пайыз төмендеді.

Ал Үндістанда керісінше, алкоголь тұтыну көлемі 10 пайызғы өсті. Өсім барлық санат бойынша байқалды. Бұл – IWSR зерттеу компаниясы қадағалайтын 21 ірі нарық арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар,  2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында алкоголь өнімдерін тұтыну 1 пайыз азайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі төмендеу қарқынынан екі есе баяу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу