banner

"Аллюр" компаниялар тобына мемлекеттік субсидия берілген жоқ – ИИДМ

549

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралында "Аллюр" компаниялар тобына 2019 жылы 21,3 млрд теңге, 2020 жылы 40,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік субсидия берілгендігі туралы ақпарат жарияланған.

"Аллюр" компаниялар тобына мемлекеттік субсидия берілген жоқ – ИИДМ

Ведомство ақпараттың қате екендігін мәлімдеді.

"Өндірушілердің міндеттемелерін орындау жөніндегі басты оператор ретінде "Жасыл даму" АҚ белгіленген болатын. Аталған компаниядан "Халықаралық қаржылық есептілік стандарты (IAS) 20" негізінде утилизациялық алымды қайтару "Мемлекеттік субсидия" деп аталады. Бұл ұғым аудиторлар арасында осылай деп аталады. Осыған орай БАҚ өкілдері арасында түсінбестік туып, нәтижесінде қате ақпарат жарияланды", – деп жазылған хабарламада.

Министрліктен аталған сома утилизациялық алымнан босатылған өндіруші компанияның бұған дейін "Жасыл даму" компаниясына төлеген қаржысы екені айтылды.

"Бүгінгі таңда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде отандық өндіруші кәсіпорындарды утилизациялық алымнан "төлем-қайтару" механизмі арқылы емес, оны тікелей іске асыруды қарастыратын заңнама жетілдірілуде. Тағы бір айта кетерлігі, қазақстандық автокөлік өндіруші кәсіпорындардан утилизациялық алымның алынбауына байланысты елімізде шығарылған көлік бағасына утильалым қосылмайды", – деп нақтылады ИИДМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу