Жолды жаңарту жұмыстары 12 мамырда басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоба аясында беткейлерді бекіту, көпірлерді қайта жөндеу, демалушыларға жайлы орындар жасау көзделіп отыр. Бұлақ маңында тас құлау қаупінің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары қолға алынған: беткейлер тазартылып, жердің орнықтылығын күшейту үшін анкерлік жүйелер орнатылды. Алайда, қалалық әкімдік жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмауы мүмкін деп отыр.
"Жөндеу жұмыстары 2025 жылы шілденің соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты мерзім өзгеруі мүмкін. Жаңғырту аяқталған соң бұл бағыт туристер үшін бұрынғыдан да қауіпсіз, жайлы әрі экологиялық таза болмақ", – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
"Алма-Арасан" – Үлкен Алматы шатқалындағы ең көрнекті нысандардың бірі. Бірегей емдік қасиеттерімен танымал орын туристер мен қала тұрғындары, шетелдіктер арасында өте танымал. Радон көзін жөндеу жұмыстары соңғы рет 2019 жылы жүргізілген. Инфрақұрылымның жай-күйіне, қолайсыздықтарға байланысты қала тұрғындары көптеген шағым түскен.