– Оқиға куәгерлері құтқарушылардан көмек сұраған. Хабарлама түскеннен кейін ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп оқиға орнына жедел түрде шықты. Алма-Арасан пансионаты маңына жеткен соң, олар жолды жаяу жалғастырды. Таулы аймақпен көтерілу шамамен 2,5 сағатты алды. Құтқарушылар зардап шеккенді жедел түрде тауып, оның 15 жастағы жасөспірім екенін анықтады, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен балаға қажетті көмек көрсетіліп, тасымалдау жұмыстарын бастаған. Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылған.