Алмасадам Сәтқалиев Президентке есеп берді

633

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Алмасадам Сәтқалиев Президентке есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Самұрық-Қазына" қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы баяндалды. Берілген мәліметтерге сәйкес "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу