Алматы-1 вокзалының адамшошырлық жағдайы тұрғындарды алаңдатып қойды

Әлеуметтік желі қолданушысының вокзалдың қазіргі жағдайына қарата "бомба тасталған секілді" деп жазғаны белгілі болды. 

Алматы-1 вокзалының адамшошырлық жағдайы тұрғындарды алаңдатып қойды Фото: threads/bgn_010

Аталған жайтқа "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме беріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚТЖ жауабында ҚР Үкіметі қаулысының аясында еліміздегі барлық теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады. Олардың қатарына Алматы-1 вокзалы да енген. 

– Алматы-1 вокзалы – елдің басты көлік тораптарының бірі әрі қаланың инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Күніне бұл вокзал арқылы 2,5 мыңнан астам жолаушы өтеді. Нысанға соңғы рет жөндеу жұмыстары 18 жыл бұрын жүргізілген, – деп хабарлады компания өкілдері. 

Сонымен қатар, ғимарат пен перронның техникалық жай-күйіне жүргізілген тексеру нәтижесіне сай, нысанның құрылымдарын күшейту және заманауи жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жаңарту қажет екенін мәлімдеген. 

Перронның темірбетон платформасы толық ауыстыруды талап еткен. Қайта жаңғырту жұмыстары вокзал кешенін жаңарту, жолаушыларға қызмет көрсету жағдайларын жақсарту, нысанның қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына қолжетімділікті жеделдетуге және қазіргі сапа стандарттарын енгізуге ерекше назар аударылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу