Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде

183

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңартылуда.

Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде Фото: Яндекс

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Кельбуғанов Алматы-1 теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Көшпелі кеңеске мердігер ұйымның, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, техникалық қадағалау қызметінің және қала әкімдігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аясында вокзал ғимараты мен вокзал кешенінің бүкіл инфрақұрылымын кешенді жаңғырту көзделген. Инженерлік желілер жаңартылып, заманауи энергиямен жабдықтау, желдету, цифрлық бақылау және қауіпсіздік жүйелері енгізілуде.

Жобаның негізгі басымдығы – нысанның сейсмикалық төзімділігін арттыру. Тірек конструкциялары күшейтіліп, ғимарат өңірдің сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкестендірілуде. 

Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзалдың өткізу қабілеті артып, жолаушыларға қызмет көрсету жағдайы жақсарады, толыққанды кедергісіз орта қалыптастырылады. Жаңартылған нысан қауіпсіз, технологиялық және жайлы болады. Қайта жаңғырту жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу