Алматыда 6 жасар бала шатырдан құлап қайтыс болды

Тергеу амалдары басталды. 

Алматыда 6 жасар бала шатырдан құлап қайтыс болды Фото: видео скриншот

Алматы тұрғын үй кешендерінің бірінде 6 жасар бала шатырдан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Осыған қатысты бейне жазба желіде тарады. Онда куәгерлер баланың Алматыға Атыраудан келгенін айтуда. 

Алматы полициясы қайғылы оқиғаның 30 қыркүйекте болғанын хабарлады. 

"2017 жылы туған ұл баланың өлімі бойынша Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Жағдайлар анықталуда", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу