banner

Алматы әкімдігі адамдар жиналатын жерлерге бейнекамерамен мониторинг жүргізетін болады

533

Алматы әкімдігі бейнебақылау камераларын орнатып, адамдар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау мониторингін жүргізу құқығына ие болады. Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы заңға осындай түзетулер енгізуді мәжіліс депутаттары мақұлдады.

Алматы әкімдігі адамдар жиналатын жерлерге бейнекамерамен мониторинг жүргізетін болады

"Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан заңына Алматы қаласының мәслихаты мен әкімдігінің өкілеттіктерін Алматы қаласындағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту, бейнекамералар орнату қағидаларын бекіту және азаматтар көп жиналатын жерлерде бейнебақылау мониторингін жүргізу бойынша өкілеттіктерін қосуға бағытталған түзетулер енгізілді", − деп хабарлады төменгі палатаның депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Бұдан басқа, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша арнайы жалпықалалық шот құру, әлеуметтік объектілер құрылысы үшін мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселелері және қаланың бұрқақты шаруашылығын ұстау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту заңнамалық түрде бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу