Алматы әкімдігі автокөліктердің экологиялық тексеруіне 331 млн теңге бөлмек

821

Лот мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған.  

Алматы әкімдігі автокөліктердің экологиялық тексеруіне 331 млн теңге бөлмек

"Тапсырыс беруші "Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы" МҚК. Қызмет атауы – экологиялық мониторинг жасау. Қосымша сипаттама – Алматы қаласындағы автокөліктерге экологиялық мониторинг жасау. Жоспарланған сома – 331 706 750 теңге. Бірінші жылға 41 706 750 теңге бөлінген. Ал екінші жылға 290 000 000 теңге бөлінген" , деп жазылған лоттың сипаттамасында. 

Конкурсқа қатысуға өтініш беру басталды. Ол 2 қазан сағат 18:00-де аяқталады. 

Құжаттың техникалық сипаттамасында "жоба мақсаты экопосттардағы автокөліктерден бөлінетін зиянды қалдықтардың көлемін анықтау" деп жазылған. 

Алматыда тұрақты түрде халықаралық шаралар ұйымдастырып тұрады. Шаһарда туризмді дамыту мүмкіндігі жоғары. Алайда экологиялық көрсеткіштер бұған сай емес. Мәселен, "Алматы-2020" бағдарламасында қаладағы көліктер мен ЖЭС-тен бөлінетін зиянды қалдықтар мөлшері талапқа сай еместігі  жазылған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу