Алматы әкімдігі гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ

585

Алматы қаласының әкім аппараты гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алматы әкімдігі гүл сатып алуға 40 млн теңге жұмсамақ Фото: google

Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, Алматы әкімдігі 2022 жылы тамызда гүл өнімдерін сатып алуға келісім шарт бекіткен. Бір көзден сатып алу тәсілі арқылы әлеуетті өнім беруші ретінде Gulder.kz ЖШС таңдалған. Санат Есшан жетекшілік ететін компания нарықта 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

2022 жылы ақпанда бекітілген келісім шарттың бастапқы құны – 25 млн теңге. Осы жылы тамызда қосымша келісім жасалып, негізгі сомаға тағы 15 млн теңге қосылған.

Қаржыландыру көзі – облыстық бюджет және республикалық маңызы бар қала бюджеті.

Сатып алудың техникалық сипаттамасында "Гүл шоқтары, себеттер, композициялар, кесілген тірі гүлдер түріндегі гүл өнімдері сапалы болуы керек. Өнім беруші карантиндік фитосанитариялық бақылау актісін береді. Өнім беруші өтінім бойынша және Тапсырыс берушімен келісім бойынша шарттың бүкіл қолданылу кезеңі ішінде гүл өнімін жеткізеді", - делінген.

Алматы әкімдігі гүл жеткізу қызметі бойынша екі жылдан бері Gulder.kz ЖШС жүгініп келеді. 2021 жылы екі тарап 22 млн теңгеге келісім шарт жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу