Алматы әкімдігі болашақта салынатын LRT жолын көрсетті

114

Әкімдік мәліметінше, ұзындығы 32,5 шақырым болатын LRT желісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр.  

Алматы әкімдігі болашақта салынатын LRT жолын көрсетті Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Жоба аясында Алатау ауданындағы индустриялық аймақта депо салынып, ол Алматы-2 теміржол вокзалын "Барлық" базары және "Шығыс" көлік тораптарымен байланыстырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал метро желісін "Қалқаман" бекетінен "Барлық" базарына дейін ұзарту және "Жібек Жолы" бекетінен әуежайға дейін екінші желі салу бойынша дайындық жүргізіліп жатыр.

Болашақта "Сайран" бекетінен Алатау қаласына дейін үшінші желі тарту жоспарланған.

Сондай-ақ Желтоқсан көшесі мен Райымбек батыр даңғылында BRT жобасын жүзеге асыру, "Алматы-3" теміржол вокзалын салуға дайындық мәселелері талқыланды.

Әр жобаның нақты мерзімдері мен жауапты орындаушылары көрсетілген жол карталары әзірленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу