Алматы әкімдігі мен халықаралық әуежай инвесторлары кездесу өткізді

943

Олар жаңа жолаушылар терминалын модернизациялау және салу жөніндегі топтың инвестициялық жоспарлары талқылады. 

Алматы әкімдігі мен халықаралық әуежай инвесторлары кездесу өткізді

TAV Airports Holding президенті және бас директоры Мұстафа Сани Шенермен кездесуде жаңа жолаушылар терминалын модернизациялау және салу жөніндегі топтың инвестициялық жоспарлары талқыланды, деп жазды inbusiness.kz. 

Ерболат Досаев Алматы Халықаралық әуежайы – қаланың визит орталығы екенін және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мегаполис экономикасына мультипликативті әсер ететінін атап өтті.

“Бұдан басқа, әуежайды жаңғырту оңтүстік астананың туристік әлеуетін дамытуды күшейтеді, оның инвестициялық тартымдылығын және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлылық деңгейін арттырады”, – деді әкім. 

Қала билігінің жобаны қолдауға және нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін проблемалар мен мәселелерді шешуге ықпал етуге дайын екенін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу