Алматы әкімдігі мерекеге арнап 25 тонна наурызкөже пісірген

819

Алматы әкімдігі мерекеге арнап 25 тонна наурызкөже пісірген

Наурыз мерекесін алматылықтар да кеңінен атап өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Биыл мұнда мерекелік іс-шаралар бір ай бойына атқарылады. Мәдени бағдарламалардың ауқымы кең. Жергілікті билік қала тұрғындары мен қонақтарына арнап 150-ге жуық іс-шара ұйымдастырып отыр. Алматыдағы мерекелік іс-шаралар сағат 11:00-де басталды. Бүгін күн райы да тамаша. Синоптиктердің болжауынша, түске таман күн 20 градусқа дейін жылиды. 

Жалпы мейрам бір ай көлемінде өткенімен, негізгі мерекелік іс-шаралар 22-25 наурыз аралығында өтеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу