Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді атады

484

Тиісті тексеруді қала құрылысын бақылау басқармасы тексеріс жүргізеді.  

Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді атады Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алардан бұрын құрылыс компаниясының құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Желіде Graff премиум класты тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату туралы хабарландыру тарап жатыр. Құрылыс салушы "Қарағайлы құрылыс" ЖШС қолма-қол есеп айырысудан бастап ипотекалық несиелеуге дейінгі сатып алудың түрлі нұсқасын ұсынған", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Алайда тұрғын үй кешенінің жобалау алдындағы құжаты жоқ.

"Авторлық және техникалық қадағалау жоқ, жер телімі үй салуға емес, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған", - дейді әкімдік.

Қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастайды.

Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске салды.

Ақпаратты Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісі арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу