Алматы әкімдігі Сайран көліндегі қалқымалы көпірлердің не себепті алынғанын түсіндірді

67

Әлеуметтік желі қолданушылары көпірлердің жабылуына алаңдаушылық білдірген. 

Алматы әкімдігі Сайран көліндегі қалқымалы көпірлердің не себепті алынғанын түсіндірді Фото: бейнежазбадан

Алматының Сайран көлінде орнатылған қалқымалы көпірлер уақытша бөлшектеліп, алынып тасталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Әкімдіктің мәліметінше, Сайран көлін абаттандыру жобасы аясында екі жағалауды байланыстыратын екі қалқымалы көпір орнатылған. Алайда су деңгейінің төмендеуіне және қысқы маусымға дайындық шараларына байланысты бұл құрылымдар уақытша шешілген.

– Қазіргі уақытта қалқымалы көпірлер су қоймасындағы судың азаюына және қысқы дайындық жұмыстарына байланысты бөлшектелді. Келесі көктемде су деңгейі қалпына келген соң олар қайта орнатылады, – деп хабарлады әкімдік.

Ведомствоның айтуынша, бұл шара көпірлердің техникалық жағдайын сақтау және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жыл сайын жүргізіледі.

Айта кетейік, Сайран көлін абаттандыру 2023 жылы басталған. Алдымен жобаның эскиздері таныстырылып, кейін су қоймасы 50 жылда алғаш рет тазартылған. Нәтижесінде 142 мың текше метр лай және 23 тонна қоқыс шығарылды. Биыл жұмыстар толық аяқталмағанымен, 2 маусымнан бастап көлге су толтырыла бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу