Алматы әкімдігі тәртіпсіздіктерден қалаға келген жалпы шығын көлемін атады

1089

Әкімдік ғимаратына – 20 млрд теңгеге залал келтірілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров шаһардың тыныс-тіршілігін  қамтамасыз ету бойынша штаб отырысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы әкімдігі тәртіпсіздіктерден қалаға келген жалпы шығын көлемін атады Фото: Максим Морозов

"Қалаға келтірілген шығынның жалпы сомасы 112 млрд теңгені, кәсіпкерлік субъектілері – 67 млрд, оның ішінде шағын және орта бизнеске 42 млрд теңгені құрады. Ең көп зардап шеккен азық-түліктік емес дүкендер, келтірілген шығын көлемі 21 млрд теңгені құрады, қару-жарақ қоймаларына – 6,4 млрд теңге шығын келтірілді. Қаржы ұйымдары, банктер, банкоматтардың шығыны 700 млн теңгені құрады", – деді спикер.  

Әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңгеге залар келтірілген. 

"Алматы әкімдігі ғимаратына – 20 млрд теңге, Прокуратура ғимаратына – 2 млрд, Полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, экобекеттерге – 163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңге шығын келді", – дейді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу