Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

545

Алматы әкімдігі көпқабатты тұрғын үйлердің төбесінде сүңгі мұздың жиналуына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады Фото: kaz.zakon.kz

Жергілікті атқарушы орган тұрғындарға ғимарат не үй төбесінде сүңгі мұзды байқаған жағдайда, сервистік басқару органдарына (мүлік иелері қауымдастығы, пәтер иелері кооперативі, ЖШС және т.б.) хабарласуды сұрайды.

"Қауіпсіздік мақсатында үйдің шетінде, балконда және қар немесе сүңгі мұз құлауы мүмкін жерлерде тұрмаңыз. Бұдан бөлек ескерту лентасымен қоршалған жерлерді айналып өту керек", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қызмет көрсетуші орган өтінішке құлақ аспаған жағдайда, онда тұрғындар "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасына" (+7 (727) 225-14-31) және келесі байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:

  •  Алатау ауданы: Әлі Ғани Базарбайұлы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, +7 (777) 823-30-71
  •  Алмалы ауданы, Айтқанов Руслан Айтқалиұлы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, +7 (771) 400-66-66
  •  Әуезов ауданы, Өкіметов Ерасыл Бақытжанұлы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, +7 (777) 002-20-22
  •  Бостандық ауданы, Ұзақов Дияр Төкенұлы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, +7 (700) 242-07-66
  •  Жетісу ауданы, Қалдаров Нурдаулет, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, +7 (700) 707-00-78
  •  Медеу ауданы, Тілеуберді Абай, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, +7 (707) 415-59-29
  •  Наурызбай ауданы, Жаңбыров Фархад Маратұлы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, +7 (700) 535-10-10
  • Түрксіб ауданы, Мамедина Мөлдір Талғатқызы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, +7 (700) 960-56-60.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағ. 09:00-18:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу