Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталады

581

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде зақымданған Алматы әкімдігі ғимаратын 2023 жылдың көктеміне дейін қалпына келтіру жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталады

"Біз оны қалпына келтіреміз. Нысанды жөндейтін бес алматылық компаниядан консорциум құрдық. Ол қалпына келтіруге болады, бұзу қажет", – деді Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Жұмыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлаған еді.

"Бірақ негізгі үш ғимараттың өзіне емес, металы жанып кеткен күмбезді залға қатысты өте күрделі жобалық шешімдер болды. Келесі жылы Наурыз мейрамының алдында қазақтың жаңа жылы қарсаңында жөндеу жұмыстары аяқталады", – деді әкім.

Сондай-ақ ол қазір Алматыдағы Президент резиденциясын бұзу процесі жүріп жатқанын еске салды.

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде өртеніп кеткен резиденцияның орнында саябақ болады.

"Біз бұл саябақ аймағын әкімдіктегі саябақ аймағымен біріктіргіміз келеді, Сәтбаев көшесіне дейін жалғасады", – деді әкім.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерулер бүкіл ел бойынша наразылық шеруіне ұласты. Бірқатар аймақта тәртіпсіздіктер орын алып, әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне және дүкендерге шабуылдар жасалды.

Алматыда әкімдік пен Президент резиденциясының ғимараттары өртенді. Резиденцияны қалпына келтіруге кететін үлкен шығындарға байланысты оны бұзу туралы шешім қабылданды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу