Алматы әкімдігінің қызметкерлеріне 43 миллион теңге айыппұл салынды

280

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарасын жүзеге асыру барысында заң бұзушылыққа жол берген құрылымдық бөлім басшыларына 161 әкімшілік айыппұл салды.      

Алматы әкімдігінің қызметкерлеріне 43 миллион теңге айыппұл салынды Фото: arnapress

Айыппұлдың жалпы сомасы - 43.3 миллион теңге, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық прокуратура заң бұзушылық белгілері бар 10 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын конкурстарды тоқтатқан.

"Тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауар, жұмыс және қызметті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша тең бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық беріп, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өкілдерін конкурстан шектеген", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу барысында Алматы қаласындағы ауданның бұрынғы әкімі де заң талаптарын ескермегені анықталды.

"Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда лицензияның болуына қарамастан, тапсырыс беруші олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған. Өтініштер тәртіп бойынша қаралғанда 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді. Анықталған құқық бұзушылықтар негізінде тұлғаға 9.2 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу