Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына 395,5 мың өтініш түскен

799

Олардың 87%-ы бірден шешілді. 

Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына 395,5 мың өтініш түскен Фото: inform.kz

1 қаңтар мен 10 желтоқсан аралығында Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына (Алматы қаласын дамыту орталығының жобасы) тұрғындардан 395,5 мың өтініш түсті. Олардың 87%-ы бірден шешілді.

Өтініштердің жалпы санынан — 337,6 мыңы Open Almaty байланыс орталығы (1308, 338-33-88) арқылы түсті, қала тұрғындары әлеуметтік желілер мен open-almaty.kz порталы арқылы берген өтініштер саны 40,5 мың және 15,6 мың. 

2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 206%-ға артты. 

"Көрсеткіштің өсу себебі — Алматы қаласында карантин режимінің енгізілуі. 16 наурыздан бастап Open Almaty қала тұрғындарына коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы билік қабылдап жатқан шаралар туралы жедел кеңес беретін байланыс орталығы ретінде жұмыс істейді. Бұл ретте қала тыныс-тіршілігінің түрлі бағыттары: абаттандыру, ағаш кесу және қоқыс жинау, жол жөндеу және инженерлік желілерді ауыстыру, балабақшаға жолдама алу және қала әкімдігінің құзыретіне жататын өзге де өтініштерді қабылдау және тіркеу тоқтатылмады", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Жүйеге ең жиі азық-түлік және дәрі-дәрмек түріндегі әлеуметтік көмек алуға өтінімдері (81,6 мың), Алматыға келу/кету (36,8 мың), орта және мектепке дейінгі білім беру (31,7 мың), жәрдемақы алу (24,3 мың) және Алматыда жүріп-тұру (23 мың) мәселелері бойынша түсініктемелер мен өтініштер келіп түседі.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауын 2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен ашылды. Жоба "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. 3 жыл ішінде Open Almaty жергілікті билік органдары өкілдері мен қала тұрғындары арасындағы басты диалог алаңдарының біріне айналды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу