Алматы әкімі Халықаралық қаржы корпорациясы өкілдерімен кездесті

Ерболат Досаев IFC өкілдерімен және вице-президенті Хелой Шейхроумен серіктестік мәселесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы әкімі Халықаралық қаржы корпорациясы өкілдерімен кездесті Фото: Алматы әкімдігі

Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) - Дүниежүзілік банктің еншілес ұйымы, ірі жаһандық даму институты.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, Алматы Орталық Азия қалалары арасында өңірлік инвестициялық хаб. ХКҚ техникалық-экономикалық ірі жобаларды одан әрі несиелеу үшін (ТЭН) 500 мың АҚШ долларын бөлуді ұсынды.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматы дамыту Бағдарламасы аясында қаланың су ресурстары мен су шаруашылықтары нысандарын жүйелі басқаруды ұйымдастыру жөніндегі әлеуетті жоба қарастырылған.

Сонымен қатар жасыл облигациялар мен тұрақты даму, IT-хаб пен венчурлік қорларды құруда инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру сынды мақсаттар талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті күшейтуге уағдаласты.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться