Алматы әкімі "Қалқаман" метро станциясының құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды

108

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматы әкімі "Қалқаман" метро станциясының құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Дархан Сатыбалды "Қалқаман" метро бекеті мен оған іргелес тоннельдердің құрылыс жұмыстарын тексерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазір нысанда құрылыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Мұнда 478 маман жұмыс істейді.

"Әкім жұмыстың сапасы мен белгіленген мерзімді қатаң сақтау қажет екенін айтты", – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Әзірге сол жақтағы тоннельде рельстер төселіп, жарықтандыру, кабель тарту, су құбыры мен дренаж жүргізу, инженерлік жабдықтарға арналған кронштейндер орнату жұмысы аяқталды. Енді бейнебақылау, дауыс хабарлау жүйесі, өрт және күзет дабылдарын монтаждау жоспаланған.

Оң жақ тоннельде қазу жұмысының негізгі бөлігі аяқталды. Бекет аумағында монолитті құрылымдар бойынша жұмыс бітуге шақ қалды.

Сонымен қатар әрлеу, коммуникациялар тарту және жабдықты орнатуға дайындық жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу