Алматы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

232

Тұрғындардың өтініштері бойынша нақты тапсырмалар берілді.  

Алматы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қабылдауда азаматтар тұрмыс жағдайы, қала инфрақұрылымы және абаттандыруға қатысты мәселелерін жеткізді.

Тұрғындардың өтініштері арасында инженерлік желілерге қосылу, тұрғын үйлер мен аулаларды жөндеу және күтіп ұстау, жер және мүлік қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер болды.

Сондай-ақ шағынаудандардағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту, қалалық ортаның қолжетімділігін арттыру, нысандарды жаңғырту және қоғамдық кеңістіктер құру мәселелері қаралды.

Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Бірқатар мәселе сол жерде шешімін тапса, қалған өтініштер толық орындалғанға дейін бақылауда болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу