Алматы әлемнің үздік 12 қаласының қатарына енді

316

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының UN E-Government Survey 2026 зерттеуінде мәлім болды.

Алматы әлемнің үздік 12 қаласының қатарына енді Фото: ЖИ

БҰҰ зерттеуінде мегаполис 194 қаланың арасында 12-орынға жайғасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы соңғы екі жылда рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартқан. 2024 жылы 27-орында болса, биыл бірден 15 сатыға көтеріліп, үздік ондыққа жақындады.

Қаланың жергілікті онлайн қызметтер индексі (LOSI) 1 балдық жүйе бойынша 0,8021-ден 0,9604 балға дейін өскен. Нәтижесінде Алматы Копенгаген, Лондон, Токио және Шанхай сияқты ірі мегаполистерден де жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Аталған рейтингте қалалардағы электрондық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі бағаланады. Атап айтқанда, ресми сайттардың жұмысы, мемлекеттік және қалалық қызметтерді онлайн алу мүмкіндігі, ақпараттың ашықтығы, тұрғындармен кері байланыс және азаматтардың қала басқаруына қатысу деңгейі сарапқа салынады. Бағалау алты негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, халықаралық рейтингтегі нәтиже цифрлық қызметтерді жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстың жемісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу