Алматы әуежайы 2020 жылы қаңтарда жаңа акционер иелігіне өтеді

1605

Түрік компаниясы әуежайдың халықаралық терминалын кеңейтуге 150 млн доллар инвестиция салмақ. 

Алматы әуежайы 2020 жылы қаңтарда жаңа акционер иелігіне өтеді

TAV Airports Holding түрік компаниясы Алматы әуежайын сатып алу туралы келісімін 2020 жылы қаңтар айында аяқтамақ. Бұл туралы TAV Airports Holding құрылтайшысы және бас директоры Сани Шанер мәлімдеді.

"Келісім шарт дайын болып қалды. 2020 жылы 15 қаңтарға дейін барлық құжаттар рәсімделеді. Әзірге келісімнің нақты сомасын айта алмаймыз. Ол қаңтар айында белгілі болады",– деді Сани Шанер.

Бұдан бөлек TAV Airports Holding Алматы әуежайының халықаралық терминалын кеңейту жұмыстарына 150 млн доллар инвестиция салмақ. 

"Алматыда біз әуежайды басқарамыз және жаңа халықаралық терминал құрылысына 150 млн доллар қаржы саламыз",– деді TAV Airports Holding бас директоры.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін холдинг Алматы әуежайын сатып алу туралы келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу