Алматы әуежайы өкілдері жолаушыларға үндеу жасады

88

Алматы әуежайының халықаралық терминалында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әуежайы өкілдері жолаушыларға үндеу жасады Фото: inbusiness.kz

Мегаполис әуежайының мәліметінше, 10 күн бойы Т2 терминалының ұшу қабатында, паспорттық бақылау аймағына жақын жерде, ғимарат төбесінде жөндеу жүреді. Жұмыстар таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жүргізілмек.

– Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Аталған жұмыстар – терминалдың жайлылығын арттыруға бағытталған жоспарлы шаралардың бөлігі. Жол жүруді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз, себебі қарбалас сағаттарда кезектер пайда болуы мүмкін, – деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу