Себебі, белгіленген мерзімде Түрксіб ауданының төтенше жағдайлар басқармасы анықтаған кемшіліктер жойылмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы халықаралық әуежайы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін 2,16 млн теңге көлемінде айыппұлға тартылды. Бұзушылықтар нысан аумағында және халықаралық терминалда анықталған.
Атап айтқанда, контейнерлердің өртке қарсы талаптарды бұза отырып орналастырылуы және Т-2 терминалындағы жоспарлау өзгерістері өрт қауіпсіздігі жүйелерінің жұмысына әсер еткені көрсетілген.
Сот әуежайды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2162500 теңге айыппұл салды.
Сонымен бірге сот әуежай қызметін тоқтатпау туралы шешім қабылдады. Мұндай шараның айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық салдары болуы мүмкін екені ескерілген.