Алматы әуежайына 800 қылмыскер басып кірген – ІІМ

2234

Алматы халықаралық әуежайын шамамен 800 қылмыскер басып алған. Бұл туралы Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Алматы әуежайына 800 қылмыскер басып кірген – ІІМ

"Алматы халықаралық әуежайын шамамен 800 қылмыскер басып алды. 60 рейс пен 56 рейс тоқтатылды. Бұл көлік кептелісін тудырды. Салдарынан Алматыдан ұшып шыға алмаған немесе қалаға

орала алмаған тұрғындар үшін айтарлықтай проблема туындады", - деді Ерлан Тұрғымбаев "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.

Ол ереуілге шыққандар әскери дағдыға ие болғанын атап өтті.

"Олар тәртіпке бағынып, әрекет етті. Олар шабуыл жасамас бұрын бейнебақылау камералары істен шығарды, жолға барикада қойды, әрі онда бақылаушылар қойған", - деді министрдің міндетін атқарушы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу