Алматы әуежайына жаңа халықаралық әуе компаниялары келе бастады

104

"ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС бірқатар шетелдік әуе компаниямен Алматы халықаралық әуежайында әуе кемелерін авиаотынмен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттарға қол қойды.  

Алматы әуежайына жаңа халықаралық әуе компаниялары келе бастады Фото: canva

Ынтымақтастықтың кеңеюіне авиаотын бағасының төмендеуі, сондай-ақ елдің басты авиациялық хабындағы қызмет көрсету жағдайларының бәсекеге қабілетті болуы ықпал етіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жаңа келісімдер халықаралық әуе тасымалдаушыларының Алматы әуежайына қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар бұл әуежайдың Азия, ТМД және Еуропа елдері арасындағы жолаушылар және жүк тасымалы бағытында өңірлік хаб ретіндегі рөлін күшейте түседі, – делінген хабарламада.

ҚМГ-Аэроның жаңа серіктестері қатарында:

  • SpaceBee Airlines – жүк тасымалына маманданған Өзбекстанның жаңа халықаралық әуе компаниясы;
  • AZAL Azerbaijan Airlines – Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы;
  • My Freighter Airlines – Ташкентте орналасқан, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс бағыттарында халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын өзбек әуе компаниясы;
  • Easy Charter – Грузияның Тбилиси қаласында орналасқан чартерлік жүк әуе компаниясы, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және ТМД елдеріне жүк рейстерін ұйымдастырады.

Компания өкілдерінің айтуынша, халықаралық әуе трафигін арттыру және отынмен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған әуежайлар мен авиаотын жеткізушілер арасындағы серіктестік алғашқы нәтижесін бере бастаған. Бұл өз кезегінде Қазақстанның авиация нарығын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу